Біздің мектептің ресми сайтына қош келдіңіз! Мұнда сіз біздің оқу орнымыздың маңызды оқиғалары туралы барлық қажетті ақпаратты таба аласыз.

2023 жылдың18 қыркүйек күні «Лесная» жалпы орта мектебінде «Мектепте бейімделу, сыныптың бірлігі» тақырыбында ойын элементтері қамтылған тренинг өткізілді. 1-4 сынып аралығындағы 10 оқушы қатысты.

Мақсаты: оқушылардың бейімделу деңгейін анықтау.

Зерттеу барысында анықталды: оқушының ішкі ұстанымы-оқушылардың оқу іс-әрекетіне және жалпы мектепке қатынасы. Мотивация-баланың оқуға деген ұмтылысы. Эмоционалды күй-баланың әртүрлі оқу жағдайларында өзін қалай сезінетіні, оқушылардың жалпы эмоционалды жағдайы мен өзін-өзі бағалауы анықталады.

Оқушылардың ішкі ұстанымы мен уәждемесі қалыптасқан. Бұл балалар оқытудың мақсаттары мен маңыздылығын түсінеді, оқу және танымдық қызығушылық танытады. Олар оқуды және мектепке баруды ұнатады.