2024 жылдың 5 қарашасында Лесной ЖОББМ » Біз есірткіге қарсымыз!»Аталған іс-шараның мақсаты: оқушыларды есірткіні қолданудан белсенді психологиялық қорғау дағдыларын қалыптастыру, темекі шегудің, алкоголизмнің, уытқұмарлықтың алдын алу. Бұл ретте салауатты өмірсалтын жүргізу үшін қажетті әлеуметтік дағдылар да қалыптасады. Іс — шараға 6-11 сыныптардың -10 оқушысы қатысты. Білім алушылармен кездесу барысында сөз сөйлеушілер нашақорлық туралы оқушылардың денсаулығын бұзатын фактор ретінде түсінік берді. Олар бір дозаны қабылдаудың қауіптілігі туралы айтты. ҚР Әкімшілік және қылмыстық кодекстерінің ББЗ таралуына байланысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтар бойынша бірқатар баптарының ережелерін түсіндіріп ,негізгі ұғымдарын ашты. Әңгіме барысында балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды. Іс-шара соңында оқушыларға парақшалар таратылды