Жаңалықтар
Биыл Халықаралық балаларды қорғау күні Қазақстан мектептеріндегі соңғы қоңыраумен тұспа-тұс келді. Лесной ауылында балалармен және олардың ата-аналарымен жорық өтті. Жаяу серуендеу кезінде спорттық, би және музыкалық іс-шаралар өткізілді.
Биыл алғаш рет Қазақстанның барлық мектептерінде сабақ 31 мамырда аяқталды. Ал соңғы қоңырау 1 маусымда соғылды. Қазір мектеп оқушыларының бұл күні екі мерекесі бар — Балаларды қорғау күні және оқу жылының аяқталуы. Ал он бірінші, мектеп бітіру, сынып оқушылары ғана бұл күні мектеппен мәңгілікке қоштасып, Балаларды қорғау күнін өздерінің мейрамы деп санауды қояды. Ересек қыздар […]