Біздің мектептің ресми сайтына қош келдіңіз! Мұнда сіз біздің оқу орнымыздың маңызды оқиғалары туралы барлық қажетті ақпаратты таба аласыз.

2024 жылдың 31 қаңтарында Лесной ЖОББМ мектеп психологы «Мен өзімді мақтан тұтамын!» тақырыбында тренингтік сабақ өткізді. 5-9 сынып аралығындағы 12 оқушы қатысты.

Мақсаты:

— позитивті қарым-қатынасты дамыту;

— рефлексияның дамыту;

— білім алушылардың сенімділік сезімін арттыру.

Тренинг барысында «Мен кіммін?», «Менің өткен, бүгінгі өмірім және болашағым», «Барлығы жұлдыздар», «Қол шапалақ» атты шиеленісті жеңілдетуге, өзін-өзі бағалауды дамытуға, өзінің «Мен» қасиетін қалыптастыруға бағытталған жаттығулар өткізілді. Барлық оқушылар ойындарға белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті.