«СЕНІҢ АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМЫҢ!» ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН БӨЛІМ
Не дейсің?
Егер сізге есірткі ұсынылса, сіз компанияны қолдайсыз ба? «Жоқ, рақмет» деп айтасыз ба және сізге есірткі ұсынғандарды тоқтатуға тырысасыз ба? Әлде сіз есірткі қолданып көрдіңіз ба?
Егер сіз есірткінің әсерімен бұрыннан таныс болсаңыз және бұдан былай қолданғыңыз келмесе, сізге ұсынса не айту керек? «Жоқ» деп қалай айту керектігін ойланыңыз. Егер сізге «қысым» көрсететін болса, өзіңізді қалай ұстау керектігін білу үшін достарыңызбен әртүрлі жағдайларды келтіріп, дайындалып алыңыз.
Міне, бас тартудың кейбір нұсқалары:
1. Себебін атаңыз. Неліктен есірткі қабылдағыңыз келмейтінін ұсынатындарға айтыңыз. «Бұл мен үшін қауіпті екенін білемін».
2. Қысымның әртүрлі түрлеріне дайын болыңыз. Есірткі ұсынатын адамдар мейірімді немесе агрессивті болуы мүмкін. Кетуге дайын болыңыз немесе ол тараптан қысымды азайтатын бірдеңе жасаңыз.
3. Мұны жай ғана өзіңіз үшін жасаңыз. Сіз өзіңіздің себептеріңізді барлығына түсіндіруге міндетті емессіз. Тек «жоқ» деңіз, болды.
4. Айналысатын ісіңіз болсын. Сіз бос болмасаңыз, соның өзі есірткіден бас тартуға себеп болады. Тіпті жай ғана тамақ ішуге барамын деп айтсаңыз да, бұл сізді «қысымға алған» жағдайдан құтылуға мүмкіндік береді.
5. Жағдайдан аулақ болыңыз. Сіз есірткіні кім қолданатынын, қай жерде жиналатынын білесіз ғой. Осы жерлерден, осы адамдардан аулақ болуға тырысыңыз.
6. Есірткі қолданбайтындармен дос болыңыз. Сіздің шынайы достарыңыз сізді есірткі қабылдауға, алкоголь ішуге мәжбүрлемейді және оны өздері де жасамайды.
Сізде таңдау бар!
Есірткіге «Иә» немесе «Жоқ» деу Сіздің шешіміңіз: сіздің кейінгі өміріңізге көп әсер етеді.