2024 жылдың 8 ақпанында Лесной ЖОББМ мектеп педагогтары үшін «Жанжалды алдын алу жолдары» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Мақсаттары: жанжал туралы, олардың себептері, ерекшеліктері, қатысушылары, салдары туралы түсінік беру; ұжымның бірігуіне, бір-бірін сөзсіз түсіну қабілетіне ықпал ету; қатысушылар арасында жағымды эмоционалды байланыстар орнату; жағымсыз эмоциялардан арылудың қарапайым тәсілдеріне үйрету; коммуникативтік құзыреттілікті, өзін-өзі тану дағдыларын, эмоционалды тұрақтылықты дамыту, өзін-өзі бағалауды, өзіне деген сенімділікті арттыру.
Тренинг барысында «Сен мен сияқтысың», «Қолмен сөйлесу», «Жанжалдың оң және теріс жақтары», «Жақсы – жаман», «Күтпеген қонақ» және «Аутотренинг» жаттығулары өткізілді. Мұғалімдер жаттығуларға белсенді қатысып, өз пікірлерімен бөлісті. Жанжал түсінігін, түрлері мен себептерін талдады. Сондай-ақ жанжалдарды болдырмау және шешу бойынша ұсыныстар қаралды.
Құжаттама
Аты | Түрі мен өлшемі | |
---|---|---|
WhatsApp Image 2024-02-08 at 20.19.37 | jpeg, 251 КБ | Қараңыз Жүктеу |
WhatsApp Image 2024-02-08 at 20.19.36 (1) | jpeg, 186 КБ | Қараңыз Жүктеу |
WhatsApp Image 2024-02-08 at 20.19.36 | jpeg, 271 КБ | Қараңыз Жүктеу |
WhatsApp Image 2024-02-08 at 20.19.35 (1) | jpeg, 194 КБ | Қараңыз Жүктеу |