2023 жылдың 5 қазан күні «Лесная» жалпы орта мектебінде «Жасөспірімдер ортасындағы темекі шегудің алдын алу» тақырыбында әңгіме өткізілді, 5-11 сынып балалары аралығында 20 оқушы қатысты.
Әңгіме мақсаты:
- жасөспірімдерде өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды, салауатты өмір салты заңдарын сақтауға дайындықты қалыптастыру, әлеуметтік құнды мінез-құлық нормаларын игеру;
- темекі шегудің адамның физикалық денсаулығына және оның әлеуметтік әл-ауқатына теріс әсері туралы түсінік қалыптастыру.
Балалар белсенді қатысып, сұрақтарға жауап берді. Іс-шараның соңында балаларға кеңестер беріліп, брошюралар таратылды.