Бүгін 2 және 4-сынып оқушылары сыныптарын безендіріп, нағыз жаңа жылдық көңіл күй қалыптастырды!
Еңбек сабақтарында балалар түрлі-түсті қағаздан жаңа жылдық гирляндалар жасап, өз қиялдарын, ұқыптылықтарын және бірлесе жұмыс істеу дағдыларын көрсетті.
Жұмыс барысында көңілді атмосфера орнады — оқушылар жаңа жылдық әндер айтып, бір-біріне қуаныш сыйлады 🎶❄️
Мұндай сабақтар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып қана қоймай, оларды бірлікке, достыққа тәрбиелейді.





