Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі 2025 жылғы 25 ақпандағы бұйрығымен педагогтерді аттестаттау қағидалары мен шарттарына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz. Атап айтқанда, қағидалар жаңа редакцияда берілген.
Педагогтерді, әдіскерлерді, білім беру ұйымдарының басшыларының орынбасарларын, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) қызметкерлерін аттестаттау кемінде бес жылда бір рет өткізіледі. Білім беру ұйымдарының бірінші басшылары аттестаттаудан үш жылда бір рет өтеді.
Педагогтер, әдіскерлер, бірінші басшылар, білім беру ұйымдары мен әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары мен орынбасарлары біліктілік санатын беру немесе растау үшін өтініш негізінде біліктілік бағалаудан, ОЗП-дан (педагогтің білімін бағалау), сондай-ақ қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық қорытындылаудан өтеді.